×

Тоқаев Азиядағы ең бай адамдардың бірін қабылдады

Гаутам Адани – Adani Group компаниясының негізін қалаушы

 Халық үні 13.12.2022 | 13:07
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Adani Group компаниясының президенті Гаутам Аданиді қабылдады Кездесу барысында ұзақмерзімді және стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Президент үндістандық мультиұлттық Adani Group конгломератының өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарына оң баға берді. Мемлекет басшысы Қазақстан көлік бағыттарын әртараптарандыру жұмыстарын жүргізіп, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді дамытып келе жатқанын атап өтті.

Гаутам Адани Мемлекет басшысына компания энергетика, мұнай-химия, жаңартылатын энергия көздері және экономиканың басқа да маңызды секторларында Қазақстан тарапымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты.

АНЫҚТАМА:

Adani Group компаниясын 1988 жылы Гаутам Адани құрған. Оның штаб-пәтері Ахмадабад қаласында орналасқан. Bloomberg журналының мәліметіне қарағанда, ол – Азияның ең бай адамы. Оның қаражаты 129 млрд доллардан асады. Ал Forbes-тың дерегі бойынша, Адани дүниежүзіндегі ең бай 3 адамның қатарына кіреді. Бизнесменнің қаражаты 136 млрд доллардан асады деген дерек бар.

Adani Group компаниясының жылдық табысы – 25 млрд доллар. 70-тен аса елде 23 мыңнан асатын қызметкері бар.

Adani Group энергетика, теңіз порттары мен логистиканы, тау-кен өнеркәсібі мен пайдалы қазбаларды өндіруді, газды, сондай-ақ әуежайларды, деректер орталықтарын және басқа да қызмет түрлерін қамтитын 7 компаниядан тұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама