×

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Ол жұмыстан кетуге өзі өтініш берген

 Дәурен Ерболат 13.12.2022 | 12:30
Фото: primeminister.kz

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова қызметінен кетті, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова берген өтініші бойынша Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Нұргүл Мауберлинова 1973 жылңы қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген.

Абай атындағы педагогикалық училищесін, Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар құрылымында және коммерциялық секторда жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің электрондық БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы, бас сарапшысы, бөлім бастығы болды.

2008-2012 жылдары Премьер-министр кеңсесі ақпараттық-талдау орталығының бас консультанты.

2012-2016 жылдары Президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары, Мәжіліс төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

2016-2018 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.

2018-2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.

2019-2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.

2020-2022 жылдары Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2022 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама