Олардан кесілген шолақ мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленді
Алматыда іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Күдіктілердің бірі адамға ауыр дене жарақатын салғаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған, ал екіншісі адам тонаған.
Бөлімшенің криминалдық полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында 2 қылмыскерді ұстады. Қылмыс орнынан қашып кеткен 26 жастағы К. атты азаматқа іздеу жарияланған. Күдіктіні ұстау барысында оның жанында 22 жастағы С. атты азамат болды. Жамбыл облысы Қордай ауданындағы полицейлер оған іздеу жариялаған. Ол сол жақта адамды тонаған, – деді Наурызбай ауданы полиция басқармасының басшысы Данияр Меңдебаев.
Оның айтуынша, күдіктілерден кесілген шолақ мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленіп, сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.