Halyq Uni логотип
×

Ауыр атлетика: Қазақстан екінші медалін жеңіп алды

Нұрғиса Әділетұлы 383 (170+209) келіні көтеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша күміс жүлдегер атанды

 Дастан Жұмабекұлы 13.12.2022 | 12:01
Ауыр атлетика: Қазақстан екінші медалін жеңіп алды
фото: ашық дереккөз

Колумбияның Богота қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында ерлер арасында 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыс өтті.

Осы сында Нұрғиса Әділетұлы 383 (170+209) келіні басынан асырып, қоссайыс қорытындысы бойынша күміс жүлдеге ие болды. Әлем чемпионы атағын Бахрейн атынан шыққан колумбиялық Лесман Паредес жеңіп алды. Ол қоссайыста 397 келіні (жұлқа көтеруде – 185 кг, серпе көтеруде – 212 кг) көтеріп, жеңіске жетті. Қола жүлдені 380 келіні (171+209) бағындырған колумбиялық Джор Морено иеленді.

Бұл –  Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін Артем Чуркин 73 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама