×

«Қазақстан үшін бір АЭС аздық етеді» - сарапшылар пікірі

Әзірге оны кім салатыны шешілмеген

 Еркеғали Болатұлы 13.12.2022 | 11:15
фото: digitalofficepro.com

Алматы облысының Үлкен ауылы маңына атом электр стансасының салынатыны мәлім. Енді оның құрылысы жобалық жұмыстар аяқталғаннан кейін басталады. Бұл ретте сол АЭС-ті кімдердің қай елдің технологиясымен салатыны әлі талқыланып жатыр.

Сарапшылардың болжауынша, елімізде электр энергиясына сұраныс күннен-күнге артып келеді. Тіпті, олар Қазақстанға бір ғана АЭС аздық етуі мүмкін деген пікірде.

Қаржы тұрғысынан қарағанда, бұл әлдеқайда орынды болады. Мысалы, Ұлыбританияда біз бірнеше атом электр стансасын салып жатырмыз. Сондықтан Қазақстан сияқты ірі мемлекет үшін бір АЭС аздық етеді, - дейді британиялық NNWI сараптама орталығының төрағасы Тим Йео.

Сондай-ақ еліміздегі «Ядролық физика институтының» бас директоры Саябек Сахиевтің айтуынша, энергетиканың дамуы қай елдің болса да өзінің даму дәрежесін көрсетеді.

«АЭС салу – шешілген дүние. Әзірге оны кім салатыны шешілмеген. Оны Қазақстан осыдан ондаған жылдар бұрын салып бастауы керек еді. Өйткені АЭС болашақта 100 жылға дейін жасыл энергетика болып есептеледі және солай боп қала береді де», - деді ол «Астана» телеарнасына берген жауабында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама