Halyq Uni логотип
×

Үйін жылытқысы келген ақмолалық ұрлық жасаған

Қылмыстық іс сотқа жіберілді

 Дәурен Ерболат 13.12.2022 | 10:25
Үйін жылытқысы келген ақмолалық ұрлық жасаған
Фото: gamerwall.pro

Ақмола облысында үйін жылытқысы келген 30 жастағы тұрғын 25 бума минералды мақтаны ұрлады, деп хабарлады Polisia.kz.

23 қарашада Бұланды ауданының полиция бөліміне ЖШС қауіпсіздік қызметінің басшысынан белгісіз адамның кәсіпорын қоймасынан 25 бума минералды мақта ұрлағанын айтып, шағым түсірген. Залал сомасы 219 мың теңгеден асады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің кім екені анықталды. Ол бұрын сотталмаған Макинск қаласының 30 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ер адам қоймаға кіріп, 25 бума минералды мақтаны ұрлағанын мойындады. Күдікті үйін жылыту үшін 16 буманы пайдаланбақ болғанын, ал 9 буманы сатуды жоспарлағанын айтты, - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша сотқа дейін тергеу аяқталды. Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша («Ұрлық») іс сотқа жіберілді.

Заттай дәлелдер тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама