×

Мәскеу облысында тағы бір ірі сауда орталығы отқа оранды

Өрт 700 шаршы метрді қамтыған

 Дастан Жұмабекұлы 13.12.2022 | 09:50
фото: ашық дереккөз

Ресейдің Мәскеу облысында 10 мың шаршы метрлік сауда орталығынан өрт шықты. «Тілсіз жау» 10 мың шаршы метр жерді жалмады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Кремльді қала атындағы облыс аумағында осымен соңғы 3 күннің ішінде екінші ірі сауда орталығы жалын құшағында қалды.

Өрт Мәскеу облысы Балашиха қаласындағы «Стройпарк» сауда орталығында болған. РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, алдымен 200 шаршы метрлік ашық алаңда тұрған құрылыс материалдарынан от шыға бастаған. Ол екі қабатты үйдің бірінші қабатында болған. Кейін оның қамту ауданы 700 шаршы метрге дейін барыпты.

Өртті сөндіру үдерісі ұзақ уақытқа созылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама