Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізеді
Бүгін, 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжамынша, күн райы жауын-шашынсыз болады.
Республиканың тек солтүстігі мен шығысында әлі де атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен қар жауып, бұрқасын сақталады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына тұман түседі, - деп жазылған хабарламада.