Үш адам көз жұмды: Абай облысында қайғылы жағдай болды

Халық үні

Қазіргі уақытта іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды

Абай облысында Таскескен-Бақты тас жолында көлік апатынан үш адам көз жұмды. 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 29 жастағы Toyota Carina E көлігінің жүргізушісі Таскесен-Бахты тас жолымен келе жатып, жолдың қарсы бағытына шығып, жүк көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан үш адам қаза тапты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.