×

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды

Оған әлемнің 60 елінен 300-ге жуық бала қатысқан

 Динара Амантай 12.12.2022 | 16:45
Фото: @aimagambetov

Қазақстандық оқушылар физика, химия және биология бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Telegramм арнасына жазды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқушыларымыздың халықаралық аренадағы жеңісті жолы жалғасып жатыр. Бүгін қазақстандық оқушылар физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды. Құрама қоржынында 1 күміс пен 5 қола бар. Былтыр оқушыларымыз дәл осы олимпиадада 3 қола медаль иеленген еді. Осылайша, балалар биыл рекорд жаңартты. Зияткерлік сайыс Колумбияның Богота қаласында өтті. Оған әлемнің 60 елінен 300-ге жуық бала қатысты. Жүлдегерлерді жоғары нәтижемен құттықтаймын! Оқушыларға жаңа жеңістер тілеймін, – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, бұған дейін министрдің Балалар жылын қорытындылағанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама