Мелитопольде ресейлік әскер орналасқан шіркеу отқа оранды
200-дей сарбаз тірілей жанып кетіп, тағы 150 адам әртүрлі дене жарақатын алған
Украинананың Ресей әскері басып алған Запорожье облысындағы Мелитополь қаласының шығыс жағындағы шіркеу отқа оранды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Мелитопольдің мэрі Иван Федоров шіркеудің әуеден берілген соққыдан өртеніп кеткенін мәлімдеді.
Мелитопольдің шығысында отбұрқақ атылды. Алдын ала ақпарат бойынша, оккупанттар бірнеше ай бұрын басып алып, өздерінің үңгіріне айналдырған Мелитополь христиан шіркеуі жанып жатыр. Қызық, онда дұшпанның қанша «қонағы» отқа күйіп қалды екен? – деп жазды ол.
РФ оккупациялық армиясы қазір Мелитопольде жанып жатқан шіркеудің «демалыс базасы» болғанын хабарлады. Украина Қарулы күштері осы соққыдан 200-дей орыс жауынгерінің тірілей жанып кеткенін, тағы 150 сарбаздың әртүрлі дене жарақатын алғанын айтып отыр.
Осы уақытта оккупанттар Горловканың орталығын 152 мм калибрлі артиллериямен атқылады.
Осыдан кейін Қырымдағы Советское кентінде орналасқан әскери казармада да жарылыс болған. Бірақ онда қанша басқыншы жауынгердің қаза тапқаны әзірге белгісіз.
Сонымен қатар, украин әскерлері Севастопольдің маңына орналасқан 6 елді елді мекенге соққы берді.