×

Президент мемлекеттік органдардың халық үніне құлақ аспай жатқанын айтты

Халықтан түскен өтініш жүйелі түрде қаралуға тиіс

 Дәурен Ерболат 12.12.2022 | 13:18
Фото: Sputnik

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың халық үніне құлақ аспай отырғанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның пікірінше, қазақстандықтардан түскен өтініштер бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастыру керек.

Тек биыл мемлекеттік органдарға халықтан нақты проблемалар мен тілектер бойынша 1,5 млн өтініш түсті. Мемлекеттік органдарға өтініш беруді жеңілдету үшін E-Otinish жүйесі іске қосылды. Азаматтар өз сұрақтарына жауап таба алмай, президент әкімшілігіне жазуға мәжбүр. Мұны талдау көрсетті. Көбісі жергілікті жердегі билік халықты естігісі келмейді деп президенттің саясатын астыртын сынайды. Сондықтан барлық мемлекеттік орган өтініштерге зейін қойып, ерекше жауапкершілікпен жұмыс істеуге тиіс, - деді президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бастапқыда белгіленген басымдықтар бойынша нақты орындалуға тиіс екенін атап өтті.

«Ең алдымен мемлекет пен қоғам арасында жүйелі байланыс орнату керек. Мемлекет мәселелерді жүйелі шешіп, сигналдарға тиімді жауап беруі шарт. Көптеген адам әлеуметтік медианың әлеуетін өздерінің жеке мүддесі үшін пайдаланады. Өкінішке қарай, мемлекеттік органдар бұған мән береді. Осылайша, бұл көбінесе қолда бар ресурстарды тиімсіз пайдалануға әкеледі. Кейін туындаған проблемалар шешілмейді», - деді мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама