Бөкенов бөкендердің мұзға қатып қалғанын жеткізді (ВИДЕО)
Оны аудан әкімі Рүстем Зұлқашев растады
Батыс Қазақстан облысындағы өзенде 20-ға жуық киік мұзға қатып, қырылып қалды, деп хабарлады «Мой город».
Жануарлардың видеосын блогер Айболат Бөкенов өзінің Facebook және Instagram-дағы парақшаларына жариялаған. Видео Қазталов ауданының Көктерек және Жұлдыз ауылдары арасында түсірілген.
Аудан әкімі Рүстем Зұлқашев ақбөкендер шынымен де өзеннен өтпек болғанда су қоймасында қырылып қалғанын айтты.
«Мұз өте қалың. Қазір бұл жерде «Охотзоопром» және Бөкейорда табиғи резерватының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар жануарлардың өлексесін мұздан кесіп алады. Осыдан кейін акт жасалып, олар жойылады», - деді әкім.