ФИФА әлем чемпионатын екі жыл сайын өткізу идеясынан бас тартты

Дастан Жұмабекұлы

Халықаралық футбол федерациясы 4 жылдық циклмен жұмыс істеп жатыр

фото: ашық дереккөз

Халықаралық футбол федерациясы әлем чемпионатын екі жыл сайын өткізу идеясынан бас тартты.

ФИФА әлемдік даму департаментінің басшысы Арсен Венгердің айтуынша, қазір халықаралық футбол федерациясы 4 жылдық циклмен жұмыс істеп жатыр. Бұдан былай 2 жылдық цикл туралы әңгіме болуы мүмкін емес.

«Мен басында бұл жақсы идея деп ойладым. Бірақ мұндай өзгерістер іріктеу күнтізбесін толық қайта қарауды талап етеді. Қазір мұны істеп жатқан жоқпыз. Біз 4 жылдық циклды бақылап отырмыз. Арасында маңыздылығы артып келе жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты, Еуропа чемпионаты мен клубтар арасындағы әлем чемпионаты өтеді», –  деді ФИФА-ның әлемдік даму департаментінің басшысы L'Equipe басылымына берген сұхбатында.