Astana LRT-ның құрылысы 2-3 жылда аяқталады – Жеңіс Қасымбек
Ол бұрын Қарағанды облысын басқарған
Елорданың жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек әкімдікке командасын алып келмейтінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысынан шыққан қала басшысынан журналистер «Әкімдікте командалық ауысу бола ма?» деп сұрады.
Ешкімді әкелеймін, ешкімді ауыстырмаймын, - деді Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ ол Astana LRT-ның құрылысына қатысты пікір білдірді.
«Жыл соңына дейін қала тұрғындарымен кездесемін. LRT жобасы 2-3 жылдың ішінде аяқталады», - деді елорда әкімі.
Оның айтуынша, қалада шешілмеген мәселе өте көп.
«Нақты біреуін айта алмаймын, бірақ көп мәселе бар. Мәселен, Астанада 47 мың адам үй кезегінде тұр. Оның жартысы – көпбалалы отбасылар. Олардың мәселесін шешу керек. Қалада коммуналдық желілердің тозығы жеткен. Міне, жұмысты осыдан бастаймыз», - деді Жеңіс Қасымбек.