×

Көлгінов азық-түлікке өзінің қанша теңге жұмсайтынын айтты

Ол арасында үйге керек азық-түлік өнімдерін өзі де алып тұрады

 Дәурен Ерболат 12.12.2022 | 14:00
Фото: gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов азық-түлікке ай сайын қанша теңге жұмсайтынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шамамен 300-350 мың теңге жұмсалады. Қаладағы дүкендерден сатып аламыз. Зайыбым сатып алады. Мүмкіндік болса, өзім де аламын, - деді ол Үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң.

Сондай-ақ Алтай Көлгінов Үкімет басшының орынбасары ретінде қанша жалақы алатынын әлі білмейтінін жасырмады. Ал елорда әкімі ретінде 1,9 млн теңге еңбекақы алған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін вице-премьер – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет мүшелерінің 500 мың мен 1,7 млн теңге аралығында жалақы алатынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама