Қалада көптеген үй жылусыз қалған болатын
Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы жылу элект орталығында болған апатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Екібастұзда болған оқиға – шынымен апат. Мен бұл қаланың тұрғындарына төзімділік пен азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтқым келеді, - деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлерге де алғысынн жеткізді.
«Бұл оқиға мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субьектілерінің жылыту маусымына жауапсыздығын ашық көрсетті», - деді ол.