Halyq Uni логотип
×

Президент тапсырмасы: шетелдік көліктерді тіркегенде утилизациялық алым алынбайды (ВИДЕО)

Биыл 1 қыркүйекке дейін елімізге жеткізілген автомобильдер 200 мың теңгеге заңдастырылады

 Дәурен Ерболат 12.12.2022 | 10:05
Президент тапсырмасы: шетелдік көліктерді тіркегенде утилизациялық алым алынбайды (ВИДЕО)
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда шетелдік көліктерді тіркегенде утилизациялық алым алынбайды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Polisia.kz мәліметінше, мемлекет басшының тапсырмасы бойынша Парламент Салық кодексіне енгізілген алғашқы түзетулерді қабылдаған.

Заңдастыруға жататын көліктерді бастапқы тіркеу үшін төленетін алым 200 мың теңге көлемінде белгіленді. Бір мезгілде екінші заң жобасының аясында Экологиялық кодекске түзетулер енгізіліп жатыр. Онда заңдастырылатын көліктер үшін утилизациялық алымды (кәдеге жарату алымы) алып тастауға қатысты түзетулер енгізіледі. Бұл түзетулер Парламентте қаралып жатыр, - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Оның айтуынша, ІІМ шетелдік көліктерді заңдастыру тәртібін жүргізуді әрі шарттары мен мерзімдерін айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын да әзірлеп жатыр. Ол биыл 29 қарашада ашық талқылау рәсімінен өту үшін министрліктің ресми сайтында орналастырылған.

ӘПК төрағасының міндетін атқарушы шетелдіктер автомобильдер қалай заңдастырылатынын түсіндірді.

Автомобильді заңдастыру үшін «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығына жеке өтініш жібере аласыз. Ұсынылған құжаттар мен көлік база бойынша тексеріледі. Одан кейін көлік арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ұсынылады. Егер талап етілсе, автокөлікке кедендік декларациялау жүргізіледі. 200 мың теңге мөлшерінде бастапқы алым, сондай-ақ техпаспорт пен мемлекеттік нөмір үшін мемлекеттік баж төленеді. Тіркеу бекітілгеннен кейін автомобиль иесіне қазақстандық техпаспорт және мемлекеттік нөмір беріледі, - деді басшы.

Сондай-ақ заңдастыруға жататын көліктердің жылына және экологиялық класына талаптар қойылмайды әрі оң рульді автомобильдерді заңдастыруға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда шетелдік 300 мың көліктің жеңілдетілген тәртіппен рәсімделуі мүмкін екені хабарлан,пн еді. Ал президент биылғы Жолдауында 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген көліктерге қатысты ахуалды реттеуге тапсырма берген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама