×

Иранда тағы бір футболшы өлім жазасына кесілді

Амир Наср Азадани соңғы рет 2021 жылы «Иранджаван» командасында ойнады 

 Дастан Жұмабекұлы 12.12.2022 | 09:49
фото: ашық дереккөз

Иранның Тебриз қаласының «Трактор» клубының бұрынғы футболшысы Амир Наср Азадани қарсылық қозғалысына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Әзербайжанның Oxy.az сайты хабарлады.

Тебриз клубының баспасөз хатшысы Twitter-де наразылық акциясына қатысқаны үшін 26 жастағы жартылай қорғаушының өміріне қауіп төніп тұрғанын жазды. Иранның революциялық соты оған наразылық қозғалысына қатысқан алғашқы 11 белсендінің қатарында өлім жазасын берді. Бұдан екі күн бұрын олардың біріншісі дарға асылып, үкімнің орындалуы басталып кетті.

Амир Наср Азадани соңғы рет футболшы жейдесін 2021 жылы «Иранджаван» командасы сапында киді.

Тағы бір айта кететін нәрсе, Тебриз – Ирандағы Шығыс Әзербайжан провинциясының қаласы. Бұдан басқа, бұл елде Батыс Әзербайжан провинциясы – Урмия қаласы да бар. Ал Амир Наср Азадани – ұлты әзербайжан футболшы. Ол – осы елдегі 20-30 млн шамасындағы әзербайжан халқының өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама