Ауа райының бұзылуына байланысты 6 өңірде ескерту жарияланды

Дәурен Ерболат

Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, боран соғады

Фото: Sputnik

12 желтоқсанда синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 өңірде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлады Halyq Uni.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысы мен орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде бұрқасын болады.

Оңтүстік-батыстан жел соғып, солтүстікте оның күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады.

Оңтүстік-батыстан жел соғып, өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке артады.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан соғады, оның күші – 15-20 м/с.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында бұрқасын болады.

Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде оның жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

12-13 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұманды болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, өңірдің шығысы мен таулы аудандарында екпіні 25 м/с-ке жетуі мүмкін.