Маңғыстауда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт 9 күннен бері табылмай жатыр
18 жастағы Асқар Қылышбеков 2 желтоқсанда Маңғыстау ауданының Шетпе елдімекеніндегі үйінен шығып кеткен
Маңғыстауда жоғалып кеткен Асқар Ерланұлы Қылышбеков 9 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18 жастағы Асқар Қылышбеков 2 желтоқсанда Маңғыстау ауданының Шетпе елдімекеніндегі үйінен шығып кеткен.
«Асқарды 2 желтоқсаннан бері еліміздің түпкір-түпкіріндегі азаматтар болып іздеп жатырмыз. Әлі табылған жоқ»,- деді «Лидер.кз» еріктілер қозғалысының жетекшісі Давид Миникаев.
Асқардың бойы ұзын - 180 см, арық, шашы қара. Оның үстінде қара күртесі, қанық көк шалбары, қолында қалың киімдері салынған пакеті болуы мүмкін.
Егер көрген-білгендер болса, +77004997292, +77007292012 байланыс номерлеріне хабарласа алады.