×

Ақтаулықтар үшін қуанышты жаңалық: ертеңнен бастап ыстық су беріледі

Қалада 4 желтоқсаннан бері су жоқ

 Ая Өміртай 11.12.2022 | 14:47
Фото: ашық дереккөз

Ақтау әкімі қалаға ауыз су мен ыстық судың қашан берілетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni

Әкім ауыз су мәселесінің бүгін шешілетінін хабарлады.

МАЭК пен КЖСА қаладағы жағдайды қалпына келтіру үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Бірлескен жұмыстың арқасында қалаға бүгін сағат 15:00-де ауыз су еш кедергісіз беріледі. Ал ыстық су ертең таңертеңнен бастап берілмек, – деді қала әкімі.

Айта кетелік, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» компаниясының жабдықтары тозғандықтан, 4 желтоқсаннан бері қала ыстық сусыз отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама