Атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттар шоғырлануы ықтимал
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
11 желтоқсанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Алматы, Ақтөбе, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды және Шымкент қалаларында күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.