×

Марокко мен Португалия арасындағы матчта күтпеген нәтиже тіркелді

Африкалық ұжым финалға берілетін жолдама үшін Франция-Англия жеңімпазымен кездеспек

 Халық үні 10.12.2022 | 22:59
фото: ашық дереккөзден

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан тағы бір ұжым анықталды. Ол - Марокко құрамасы, деп хабарлайды nur.kz. 

Ширек финалда Марокко мен Португалия құрамалары кездесті. «Аль-Тумама» стадионында өткен матчта 1:0 есебімен африкалық команда жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 42-минутта Юссеф Эн-Несири соқты.

Осылайша, Марокко Әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алып отыр. Енді африкалық ұжым финалға берілетін жолдама үшін Франция-Англия жеңімпазымен кездеспек.

Айта кетейік, Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама