«КамАЗ»-дың астына кіріп кеткен»: Абай облысында бір мектептің 3 қызметкері қаза тапты (ВИДЕО)
Көлік жүргізуші рулді басқара алмай қалған
Абай облысы қарасты Үржар ауданындағы Жанай орта мектебінің 3 қызметкері жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды qaz365.kz.
Басылымның мәліметінше, оқиға 9-желтоқсанда сағат 14:45-те «Таскескен-Бақты» тасжолында орын алды. 29 жастағы Toyota Carina E маркалы көлік жүргізуші рулді басқара алмай, қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.