Halyq Uni логотип
×

Қостанайлық полицейлер көпірден секірмек болған әйелді құтқарған азаматты іздестіруде

Полицейлер әйелді шығарып, оны полиция көлігіне отырғызуға көмектесті

 Халық үні 10.12.2022 | 19:44
Қостанайлық полицейлер көпірден секірмек болған әйелді құтқарған азаматты іздестіруде

Қостанайда тұрғын полицияға көмектесіп, көпірден секіргісі келген әйелді құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

10 желтоқсан сағат 14:10-да 102-гее көпірден секірейін деп тұрған әйел туралы хабарлама түсті. Бұл ақпаратты сол маңнан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі жеткізді.

«Тезірек келіңіздер, мен оны құтқаруға тырысамын», – деді ер адам.

Оқиға орнына полиция аға лейтенанты Жалғас Шонов пен полиция капитаны Дулат Арманов тез арада жетті.

«Біз келгенде, ер адам әйелдің қолынан ұстап тұрды. Оны көпір үстіне шығаруға тырысып жатты», – деді Жалғас Шонов.

Полицейлер әйелді шығарып, оны полиция көлігіне отырғызуға көмектесті.

Полиция капитаны Дулат Армановтың мәлімдеуінше, құтқарылған адамның жағдайы қуанарлық болмады, ол тіпті аты мен тегін де атай алмаған. Оны шұғыл түрде полиция бөлімшесіне жеткізуге тура келді.

Оқиға орнында әйелдің амандығына көз жеткізілгеннен соң, полиция кетіп қалған.

«Қиын жағдайдағы батыл әрекеті мен көмегін атап өту үшін ержүрек қостанайлықтан хабар күтеміз», – деді полиция.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама