×

Футболдан Әлем чемпионатында ерекше бір рекорд тіркелді

Бұған дейінгі рекорд Оңтүстік Корея мен Жапонияда өткен Әлем біріншілігінде болған еді

 Еркеғали Болатұлы 10.12.2022 | 17:30
фото: exk.kz

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатында кезекті рекорд тіркелді.

Төртжылдықтың бұл ірі додасындағы кезекті рекорд Нидерланд-Аргентина арасындағы матчта орнады. Ойынның бас төрешісі Антонио Матеу Лаос 120 минуттың ішінде 15 сары қағаз көрсеткен. Осылайша, кездесу көп ескерту жасалған матч ретінде тарихта қалып отыр.

Бұған дейінгі рекорд Оңтүстік Корея мен Жапонияда өткен Әлем біріншілігінде болған еді. Сонда Камерун-Германия кездесуінде 12 сары және 2 қызыл қағаз тіркелген болатын.

Айта кетейік, Нидерланд-Аргентина арасындағы матчтың жеңімпазы пенальти сериясында анықталып, Лионель Месси бастаған құрама жартылай финалға жолдама алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама