Halyq Uni логотип
×

Көкшетау әкімдігінің алдында жолаушылар автобусы жанып кетті

Бензинмен де, газбен де жүргендіктен қаланың дәл орталығында жарылу қаупі болған

 Еркеғали Болатұлы 10.12.2022 | 10:15
Көкшетау әкімдігінің алдында жолаушылар автобусы жанып кетті
фото: Ақмола облысының ТЖД

Көкшетау қаласы әкімдігінің алдындағы аялдамаға келіп тоқтаған ПАЗ маркалы автобус өртеніп кетті. Абырой болғанда, отқа оранған көліктен 20 шақты жолаушының бәрі сыртқа шығып үлгерген.

Бірден бұрқ ете қалған жалын өрт сөндірушілер келгенше автобустың қаңқасын ғана қалдырған. Кейін анықталғаны, ол бір жиһаз құрастыратын жеке меншік компанияға тиесілі екен. Бензинмен де, газбен де жүргендіктен қаланың дәл орталығында жарылу қаупі болған.

Оқиға орнына келгенде автобус қатты жанып жатты. Жүргіншілері көп орталық көшеде тұрғындардың қауіпсіздігі маңызды еді. Көліктің іші түтіндей бастағанда жолаушылар өзі ытқып сыртқа шыққан. Оларға көмек қажет болған жоқ. Қазір өрттің себеп-салдары тексеріліп жатыр, - деді қалалық ТЖБ аға инженері Асқар Сафаров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама