Halyq Uni логотип
×

Қаза тапқан өрт сөндірушінің әйелі жүрек тебірентер видео жариялады

Әнел Забикулина жазбасында марқұм күйеуі Асқар екеуінің отасқанына 5 жыл толғанын айтады.

 Халық үні 10.12.2022 | 06:27
Қаза тапқан өрт сөндірушінің әйелі жүрек тебірентер видео жариялады
Фото: newtimes.kz

Қарашаның соңында Астанада үш адамды құтқарып, өзі қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жары Әнел Забикулина әлеуметтік желіде жүрек тебірентер видео жариялады.

Әнел Забикулина жазбасында марқұм күйеуі Асқар екеуінің отасқанына 5 жыл толғанын айтады.

Бүгін - отбасымыздың мерейтойы. Бүгін отасқанымызға бес жыл,- деп жазған видео астына Әнел.

Бейнежазба қазір әлеуметтік желіде қатты таралып, халық Әнелге тағы да көңіл айтып жатыр. Бейнероликте Әнел Асқар екеуінің көңілді сәттерін, бірге түскен фотосуреттерін жариялаған.

Айта кетейік, Астана қаласындағы үш бөлмелі пәтерден шыққан өрт кезінде Асқар Забикулин 22 жастағы қыз бен оның 80 жастағы әжесін, сондай-ақ, көрші пәтердегі баланы құтқарған. Бірақ, денесінің 80% күйік шалған ол аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимай көз жұмды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына байланысты Асқардың отбасына үш бөлмелі пәтер беріліп, батырдың атын өшірмеу үшін Астананың бір көшесіне есімі берілетін болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама