Қостанай облысында әкімнің көлігі көпшіліктің көз алдында суға батып кетті (ВИДЕО)
Әкім ауыл тұрғындарына қауіп туралы ескерту үшін өз жүргізушісін жіберген
Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Байғабыл ауылдық округі әкімінің автокөлігі мұз астына түсіп кеткен еді. Аталған жағдай әкім ауыл тұрғындарына мұз қаупі туралы ескертіп жатқан сәтте болды.
Ауыл әкімдігі халық мұз үстінде жүрмеуі үшін өзенге ескерту белгілерін қойған. Алайда тұрғындар оларды елемеген көрінеді. Оқиға болған күні әкімдікке мұз үстінде адамдардың жүргені туралы хабар келіп түскен. Әкім ауыл тұрғындарына қауіп туралы ескерту үшін орнына өз жүргізушісін жіберген. Жүргізуші көлікті тастап, адамдарға қарай беттей бергенде мұз жарылып, көлік мұз астына батып кетті.
Қостанай облысы ТЖД Байғабыл өзеніне батып кеткен көліктің шығарып алынғанын хабарлады.