Halyq Uni логотип
×

Павлодар әкімдігі қоғамдық көліктегі қағаз билетті енді алып тастамақ

Қоғамдық көлікте сараланған тариф іске қосылды

 Дәурен Ерболат 09.12.2022 | 17:55
Павлодар әкімдігі қоғамдық көліктегі қағаз билетті енді алып тастамақ
Фото: kazpravda.kz

Павлодарда қоғамдық көліктерде жол жүру билеттері алынып тасталды. Мұндай шешім облыстық көлік одағында қабылданды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Қағаз түріндегі жол жүру билеттерін жою туралы шешім «Тасымалдаушылар қауымдастығымен» қабылданды. Бұл жол ақысын төлеу үшін электрондық жүйе енгізілуімен байланысты. Шешім 2023 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді, - деп жазылған Павлодар қаласы әкімдігі таратқан хабарламада.

2022 жылғы желтоқсанда сатылған билеттер әлі де жарамды болып саналады.

Еске салайық, биыл 1 желтоқсаннан бастап Павлодардағы қоғамдық көлікте сараланған тариф іске қосылды. Жол ақысын көлік картасымен, Avtobys тегін қосымшасындағы  QR-кодын сканерлеу немесе Kaspi QR арқылы төлеуге болады. Бұл жүйе қоғамдық көліктің микроавтобус, автобус және трамвай сынды барлық түрінде жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама