Halyq Uni логотип
×

Соғыстан сақтанған жапондар бомбадан қорғайтын үйлерді сатып ала бастады

Олардың қазіргі бағасы – 44 мың доллар

 Еркеғали Болатұлы 09.12.2022 | 15:40
Соғыстан сақтанған жапондар бомбадан қорғайтын үйлерді сатып ала бастады
фото: pinterest.com

Жапонияда бомбадан қорғайтын үйлерге сұраныс артқан. Бұған Солтүстік Кореяның зымыран сынағы мен Украинадағы соғыс түрткі болып отырған көрінеді.

Қазір жапондық тұрғындар өз отбасының қауіпсіздігіне алаңдай бастаған. Ондағы қорғасынмен қапталған «Дағдарыс-1» атты темір қораптар адамды зымырандардың тікелей түсуі мен ядролық жарылыстан басқа қауіптің барлығынан қорғай алады екен.

Сондай-ақ онда радиация мен улы газға тосқауыл бола алатын сүзгілеу жүйесі бар. Салмағы 3 тонна тартатын бұл үйлердің қазіргі бағасы – 44 мың доллар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама