Астанада жас жігіт 25-қабаттан құлап кетті

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Фото: Halyq Uni

Елордада 19 жастағы жігіт 25-қабаттан құлап кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 10:53-те 102 арнасына Петров көшесінен жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Тексеру барысында аталған факті расталды.

Тәртіп сақшылары жігіттің жеке басын анықтады. Ол елорданың 19 жастағы тұрғыны болып шықты.

ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада сондай тағы бір жас жігіттің 24-қабаттан секіріп кеткенін хабарлаған болатынбыз.