Биыл азық-түлік тауарлары қай өңірлерде айтарлықтай қымбаттады?
Нан бағасы 19%-ға өскен
Биыл қарашада азық-түлік тауарлары бір айда 1,8%-ға, бір жылда 24,1%-ға қымбаттады, деп хабарлады Energyprom.kz.
Ай сайынғы динамика бойынша азық-түлік тауарлары бағасының ең көп айлық өсімі Ұлытау облысында байқалды – 2,4%. Одан кейін Астана мен Жамбыл облысында да баға айтарлықтай көтерілген – 2,2%.
Жылдық динамика бойынша сектордағы бағаның ең көп өсуі Маңғыстау облысында тіркелді – 31,4%. Екінші және үшінші орында Ақтөбе облысы мен Шымкент тұр – 25,8%.
Ең аз жылдық өсім Шығыс Қазақстан облысында – 22,6%.
Жемістер мен көкөністер Қазақстанда бір жылда 17,4%-ға қымбаттады. Оның ішінде жаңа піскен жемістердің бағасы бір жылда 18,9%-ға, көкөністер 11%-ға көтерілді.
Жемістер: банан бір жылда 45,8% (1 келісі – 867 теңге), апельсин – 26,2% (1 келісі – 959 теңге), алма – 11,3% ( 1 келісі – 528 теңге), лимон – 8,6% (1 келісі – 1,2 мың теңге), кептірілген өрік – 65,4% (1 келісі – 3,8 мың теңге) қымбаттады. Көкөністер: қиярдың бағасы бір жылда – 30,8% (1 келісі – 691 теңге), пияз – 26,5% ( 1 келісі – 116 теңге), қызанақ – 14,4% (1 келісі – 678 теңге), картоп – 9,9% (1 келісі – 155 теңге) өсті.
Сондай-ақ ақ қырыққабат – 16,5%-ға, сәбіз – 4,6%-ға, ал қызылша – 1,3%-ға арзандады.
Қарашада сүт өнімдері жылдық динамикада 30%-ға қымбаттады.
Оның ішінде сүт бағасы – 30,3%-ға, сүт консервілері – 42,2%-ға, ашытылған сүт өнімдері – 31,4%-ға көтерілді.
Майлылығы 2,5% болатын пастерленген сүт орташа есеппен литрі 331 теңгеден, майлылығы 3,2%-4% болатын сүттің литрі 417 теңгеден, қаймақ 1 келісі 1,7 мың теңгеден, айранның литрі 365 теңгеден, сүзбе 1,9 мың теңгеден, қатты ірімшік 4,4 мың теңгеден сатылды.
Ет өнімдерінің бағасы бір жылда 16,1%-ға көтерілді. Сауда орындарында сүйегі бар сиыр етінің 1 келісі орташа есеппен 2,4 мың теңге, қой еті – 2,7 мың теңге, шошқа еті – 2,1 мың теңге, жылқы еті 3 мың теңгеден сатылып жатыр. Тауық етінің 1 келісі – 1,4 мың теңге, тауық еті – 1,2 мың теңге, қайнатылған шұжық – 2,6 мың теңге, жартылай ысталған шұжық – 3,1 мың теңге.
Бірінші санаттағы жұмыртқаның 10 данасы орташа есеппен 468 теңге тұрады. Бұл былтырмен салыстырғанда 20%-ға қымбат.
Бір жылда нан 19,3%-ға, жарма 36,8%-ға, макарон өнімдері 42,2%-ға, ұн 43,7%-ға қымбаттады.
Жоғары сұрыпты ұннан дайындалған бидай нанының келісі 349 теңгеден, бірінші сұрыпты ұн 197 теңгеден, қара бидай нанының келісі 421 теңгеден сатылды. Жоғары сұрыпты бидай ұны келісіне – 373 теңге, бірінші сұрып – 243 теңге, рожки – 552 теңге, вермишель – 561 теңге, кеспе – 1,1 мың теңгеден сатылды.
Дәнді дақылдар: арпа – 44,5% (1 келісі – 368 теңге), қарақұмық – 38,2% (1 келісі – 718 теңге), сұлы – 37,5% (1 келісі – 606 теңге), жарма – 37,1% (1 келісі – 450 теңге), күріш – 33,5% (1 келісі – 489 теңге) тары – 25,2% (1 келісі – 470 теңге) қымбаттады.