Halyq Uni логотип
×

ТОП-100: еліміздің үздік студенттері ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналаса алады

Республикалық байқаудың қорытындысы шықты

 Динара Амантай 09.12.2022 | 10:59
ТОП-100: еліміздің үздік студенттері ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналаса алады
Фото: @ oqu_agartu

Қазақстанда «Еліміздегі колледждердің ТОП-100 студенті» республикалық байқауы аяқталды. Жоба жеңімпаздары енді ірі кәсіпорындарда жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін колледждің үздік студенттерін марапаттау рәсіміне ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов қатысқан. Ол студенттерді жеңіспен құттықтап, алдағы кәсіби қызметтеріне табыс тіледі.

Республикалық кезеңде үздік атақ үшін барлық облыстың колледж студенттері таласты. Бүгін колледждің 100 үздік студентін марапаттағалы отырмыз. Олардың барлығы облыстық, республикалық және халықаралық WorldSkills чемпионаттарының, ғылыми конференциялардың, түрлі байқаулардың жеңімпаздары, жобалардың, инновациялық идеялар мен стартап жобалардың авторлары. Сіздерді жеңіспен құттықтап, жеткен жетістіктеріңізбен тоқтап қалмай, алға ұмтылуға, өз істеріңіздің кәсіби маманы атанып, еліміздің дамуына үлес қоса берулеріңізге тілектеспін. Мемлекеттің техникалық және кәсіптік білім беруге ерекше назар аударып отырғанын атап өткім келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жақын арада біз оқуға түскісі келетіндердің барлығын сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ-мен 100% қамтуды жоспарлап отырмыз, – деді министр.

Айта кетсек, колледждердің «ТОП-100» студентін қазақстандықтар 2022 жылғы 1 қараша мен 15 қараша аралығында өткен онлайн дауыс беру арқылы анықтаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама