Halyq Uni логотип
×

Шетелдіктердің қатысумен жалпы сомасы 4,1 млрд доллардың жобалары пайдалануға берілмек

Биыл шетелдік компаниялар үшін Қазақстан өңірлеріне 212 іс-сапар ұйымдастырылды

 Динара Амантай 09.12.2022 | 09:51
Шетелдіктердің қатысумен жалпы сомасы 4,1 млрд доллардың жобалары пайдалануға берілмек
Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жиында 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, Корпоративтік басқару кодексінің жобасы, сондай-ақ Директорлар кеңесіне есеп беретін қызметтердің кейбір мәселелері қаралды. Осы жылы «KAZAKH INVEST» қолдауы бойынша жалпы сомасы 4,1 млрд долларға шетелдіктердің қатысумен іске асқан 45 жоба пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.

Инвесторларды сервистік қолдау шеңберінде Ұлттық компания 1952 өтінішті өңдеп, инвесторлардың қызметіне қатысты визалық мәселелер, инвестициялық преференциялар және заңнама бойынша консультациялар берген.

Биыл 11 айдың қорытындысы бойынша шетелдік компаниялар үшін Қазақстан өңірлеріне 212 іс-сапар ұйымдастырылды. Олардың шеңберінде салалық министрліктермен, әкімдіктермен, квазимемлекеттік сектормен, қаржылық даму институттарымен, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар, 13 ірі инвестициялық іс-шара ұйымдастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама