Бір тәулікте 200-ден аса адамнан COVID-19 анықталды
Елімізде індеттен 1700-ге жуық науқас емделіп жатыр
Қазақстанда бір тәулікте 216 адам коронавирус пен пневмонияға шалдықты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте 203 адамнан COVID-19, 13 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды.
9 желтоқсандағы жағдай бойынша елімізде 1 667 науқас (коронавирустан – 1 460 адам, пневмониядан – 207 адам) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 404 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 7 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр және 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше 219 адамнан коронавирус, 18 адамнан пневмония анықталған еді.