Президенттің жаңа көмекшісі тағайындалды
Ол әр жылдары түрлі мемлекеттік қызметтер атқарған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа көмекшісі тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан президентінің көмекшісі – Қазақстан Президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын. Ол Қазақстан Президентінің әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын, - деп жазылған Жарлықта.
Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов Президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, Қанатбек Жайсаңбаев 1980 жылы 8 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген;
2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының сот-прокурорлық факультетін бітірген, заңгер;
2001 жылғы тамыздан Жоғарғы сот жанындағы Сот әкімгерлігі жөніндегі комитеттің Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің бас маманы;
2001 жылғы желтоқсаннан Қызылорда облысы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы.
2003 жылдан бас инспектор, бөлім меңгерушісі;
2005 жылдан Төтенше жағдайлар министрлігі құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы;
2007 жылғы мамырдан Kazakh Integrated Services ЖШС-нің заңгері (Астана қаласы);
2007 жылғы қазаннан CNRG Capital ЖШС өкілдігінің заңгері (Астана қаласы);
2008 жылы Қызылорда облысы әкімі аппарат жетекшісінің орынбасары;
2010 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі;
2021 жылғы сәуірден осы уақытқа дейін Президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды.