×

Тоқаев Қазақстанның шет елдердегі бірқатар елшісін қызметінен босатты

Түркиядағы елші Қазақстанның Албаниядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарады

 Дәурен Ерболат 09.12.2022 | 08:50
Фото: Владислав Воднев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шет елдердегі бірқатар елшісін қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының жарлығымен Теміртай Ізбастин Қазақстанның Болгариядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды. 

Бауыржан Мұхаметжанов енді Грузиядағы төтенше және өкілетті елші қызметін атқармайды.

Сондай-ақ президент жарлығымен Мәлік Мырзалин Грузиядағы елші болып тағайындалды.

Виктор Темірбаев Болгариядағы төтенше және өкілетті елші қызметін атқарады, ол Литвадағы елші лауазымынан босатылды.

Литвадағы төтенше және өкілетті елші лауазымына Тимур Оразаев тағайындалды.

Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев Қазақстанның Албаниядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама