Қарағандылықтар электр энергиясына 2,5 млрд теңге артық төлей жаздаған
Балқашта жылу беруге төмендетілген тариф енгізілген
Қарағанды облысында электр тарифін негізсіз көтеру дерегі анықталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қарағанды облысында электрмен жабдықтау қызметтеріне баға белгілеу мониторингі жүргізілді. Электр энергиясын жеткізуші ұйымдарда өндіруші бағасының өсуін растайтын шот-фактуралар болмады. Уәкілетті органмен бірлесіп қабылданған шаралардың нәтижесінде бағаның жобаланған өсуі төмендеді, - деді Саян Ахметжанов.
Нәтижесінде Антикор қызметкерлері қарағандылықтарды 1 жылға (2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы қазанға дейін) жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге тарифтен тыс электр энергиясын төлеуден қорғаған.
«Балқаш тұрғындары үшін 133 млн теңге сомасына жылумен жабдықтау және 92 млн теңгеге сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне төмендетілген өтемақы тарифі енгізілді. Бұл тарифті негізсіз көтеру фактілерінің анықталуымен байланысты болып отыр», - деді ол.