Halyq Uni логотип
×

Қазақстандықтардың өмірі салықпен есептелмейді – министр

Компанияға қатысты қатаң шаралар қабылданады

 Дәурен Ерболат 08.12.2022 | 12:42
Қазақстандықтардың өмірі салықпен есептелмейді – министр
Фото: Halyq Uni

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі кеніштерде апаттың жиілеп кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысынан шыққан министрге журналист «Ел аузына қақпақ бола алмаймыз. Халық арасында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы ең ірі салық төлеуші болғандықтан оларға қарсы қандай да бір шаралар қабылданбайды» деген әңгіме бар. Сіз қалай ойлайсыз?» - деп сұрақ қойды.

Министр мұның шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Бұл – өтірік әңгіме. Кім қандай салық төлесе де, төлемесе де қазақстандықтардың өмірі бізге қымбат. Олардың өмірі ешқандай ақшаға сатылмайды әрі оны ешқандай байлық және салықпен есептемейміз. («Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қатысты, - автор) өте қатал шешімдер қабылданады, - деді Қайырбек Өскенбаев.

Айта кетейік, бұған дейін министр  «Арселор Миттал Теміртау» АҚ жұмысына шектеу қою мәселесі қаралатынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама