Жастар санаты 35 жасқа дейін ұзарады, әйелдер 61 жаста зейнетке шығады
Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Құжатты депутаттарға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі таныстырды.
Біріншіден, заң жобасында төмендегі ұғымдарды заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылады: жастардың даму индексі, уақытша жұмысқа орналаспаған жастар (NEET санатындағы жастар), жастармен жұмыс жөніндегі маман, жастардың еңбек жасақтары. Сондай-ақ құжат аясында «жастар» ұғымының жас шегін 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайту жөнінде түзету енгізілді. Бұл жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға әсер етеді, - деді министр.
Екіншіден, заңнамада жастарға тұрғын үйді жеңілдікпен жалға беру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейтуге бағытталған түзетулер көзделген.
Сонымен қатар, президенттің 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауын іске асыру үшін заң жобасы аясында әлеуметтік блокты шешетін төмендегідей түзетулер енгізілді: