×

ШҚО-да мұз астынан әйелдің денесі табылды

Көлік 20 метр тереңдікке түсіп кеткен

 Дастан Жұмабекұлы 08.12.2022 | 12:03
фото: Шығыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жайдайлар департаменті

Шығыс Қазақстан облысында мұз астына түсіп кеткен көлікте болған әйелдің денесі табылды.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жайдайлар департаментінің хабарлауынша, марқұмның денесі бүгін таңертең сағат 10:00 шамасында шығарылған.

Көлікті Төтенше жағдайлар қызметінің 9 сүңгуірі іздеді. Аяздың кесірінен сүңгуірлердің жұмысы қиындады. Мамандар жанасу арқылы жұмыс істеуге мәжбүр болды. Іздестіру жұмыстары жүргізілген жердегі тереңдік шамамен 20 метр болды, –  деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Мәйітті мұздан алып шығуға 23 адам мен 7 техника жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама