Шымкентте тоғыз қабатты үйде жарылыс болды
Жарылыс салдарынан 2002 жылы туған ер адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды
Шымкентте тоғыз қабатты үйде жарылыс болып, жұмысшы жарақат алды
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыс күндізгі сағат 16:27-де Желтоқсан көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жарылыстың 1-қабаттағы дүкеннің ішінде құрылыс жұмысы кезінде болғанын анықтаған. Газ ауа қоспасының жарылысы салдарынан 10 шаршы метр аумақта пластикалық құбыр жанған.
Төтенше оқиға кезінде 11 өрт сөндіруші мен 2 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.
«Жарылыс салдарынан 2002 жылы туған ер адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Өрт сағат 17:02-де оқшауланып, сағат 17:18-де толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда», – делінген хабарламада.