Бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқиды

Халық үні
Фото: dalanews.kz

Бірнеше өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар онлайн оқу форматына көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды қаласында 0-4 сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқуға көшіріледі. Ал 5-11 сынып оқушыларының сабақтары штаттық режимде оқытылады.Сонымен қатар Семей қаласындағы 0-9 сынып оқушылары онлайн форматқа көшірілді.

Сонымен қатар бүгін Астанадағы бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды.