Бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқиды
Бірнеше өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар онлайн оқу форматына көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қарағанды қаласында 0-4 сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқуға көшіріледі. Ал 5-11 сынып оқушыларының сабақтары штаттық режимде оқытылады.Сонымен қатар Семей қаласындағы 0-9 сынып оқушылары онлайн форматқа көшірілді.
Сонымен қатар бүгін Астанадағы бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды.