«Атырауда 13 жасар қызды зорламақ болған сәтте ұсталған педофил көз жұмды»: полиция мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желілерде күдіктінің ішкі ағзасынан қан кетіп, көз жұмғаны жайлы ақпарат тарады
Әлеуметтік желіде Атырауда 13 жасар қызды зорламақ болған күдіктінің көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Полиция бұл жайтқа пікір білдірді.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 6 желтоқсан күні сағат 9:00 шамасында Атыраудың Авангард шағынауданында полицейлер 13 жасар қызды зорламақ болған ер адамды ұстады. Анасы қызын сабаққа апара жатып, жолда көліктен бірнеше минутқа шығып кеткен. Қыз бұл уақытта көлікте болған. Осы кезде педофил көлікке отырып, қызбен қоса көлікті айдап кеткен. Көршілерінің айтуынша, қыз сал ауруына шалдыққан.
Бірнеше сағаттан кейін әлеуметтік желілерде күдіктінің ішкі ағзасынан қан кетіп, көз жұмғаны жайлы ақпарат тарады.
Қазір тәртіп сақшылары күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды
«Аймақтық полиция департаменті педофилдің өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушыларының жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Тәртіп сақшылары қазір хабарламалардың авторларын іздеп жатыр», - делінген хабарламада.