Алматы облысында күдікті уақытша ұстау изоляторында өз-өзіне қол салды.
«Алматы облысының Полиция департаменті 3 желтоқсанда Талғар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК 121-бабының 3-1-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деген күдікке ілінген (кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бұрын сотты болған 19 жастағы күдіктіні ұстады. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Желтоқсанның 5-і күні сағат 13:55 шамасында күдікті изоляторда асылып қалған. Қайтыс болу фактісі ҚР ҚК-ның 105-бабы 1-бөлігі бойынша Талғар ауданының полиция бөлімінде тіркелді»,- делінген Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптама тағайындалды және тергеу шаралары жүргізілуде, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.