Еліміздің басым бөлігінде күн суық болады
Алдағы күндері Қазақстанда аяз сынады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігі әлі де суық антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты алдағы 3 күн бойы жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Шығыс, орталық және оңтүстікте боран соғып, қар жауады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы ауданда қатты қар жаууы мүмкін.
Аяздың беті біртіндеп қайтады: батыста түнде минус 5-15 градусқа дейін, күндіз минус 0-5 градусқа дейін аяз; солтүстікте түнде минус 18-28 градусқа дейін, күндіз минус 12-17 градусқа дейін аяз; орталықта және шығыста түнде минус 22-30 градусқа дейін, күндіз 13-20 градусқа дейін аяз болады. Ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде минус 13-25 градусқа дейін, күндіз минус 8-18 градусқа дейін төмендеп, аяз болады деген болжам бар, - деп жазылған хабарламада.