×

Ұлттық банк пен KASE бірлескен мәлімдеме жасады

Теңге-доллар бойынша сауда-саттық регламенті өзгерді

 Қымбат Елтайқызы 09.03.2022 | 09:14
коллаж: Halyq Uni

9 наурызда Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен бірлесіп теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады.

Ұлттық банк баспасөз қызметінің мәліметінше, теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық 9 наурызда астана уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі.

Бұл шешім жоғары құбылмалылық аясында валюта нарығының тұрақсыздануына және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданды.

Теңге - АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақтылы жеткізілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама